Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай зиялы қауым өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани басқосуға қаладағы қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер қатысып, қасиетті айдың қадір-қасиеті туралы тағылымды әңгіме өрбіді. Кеш барысында имам Рауан Төлеубекұлы Рамазан айының мұсылман өміріндегі орны, сабыр мен шүкірдің маңызы, ауызбіршілік пен жанашырлықтың құндылығы жайында насихат айтты.
Сонымен қатар, елдің бірлігі мен амандығы үшін дұға жасалып, жиналған қауым өзара пікір алмасып, рухани әсер алды. Мұндай игі шаралар қоғамдағы татулықты нығайтып, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуге үлес қосатыны сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы