Алғыс айту күніне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті жанынан құрылған аталар мектебінің ақсақалдары тағылымды сұхбат берді. Игі шара барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы қарияларға алғыс айту ұғымы, оның рухани мәні мен қоғамдағы орнына қатысты мазмұнды сұрақтар қойды.
Сұхбат барысында ақсақалдар алғыстың – тек сөзбен емес, ниетпен, амалмен, өмір салтымен көрінетін асыл қасиет екенін атап өтті. Олар ата-анаға құрмет, ұстазға тағзым, елге қызмет ету, жақсылыққа шүкір ету – барлығы да алғыс ұғымымен тікелей байланысты екенін терең ойларымен жеткізді.
Сонымен қатар, қариялар өз өмір жолындағы ұстаздарына, ата-аналарына, отбасына, ел-жұртына, сондай-ақ бүгінгі ұрпаққа ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды алғыстарын арнады.Бұл сұхбат рухани тәрбиеге, ұрпақтар сабақтастығына, ізгілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған тағылымды кездесу болды.
Алғыс айту күні аясында өткен бұл сұхбат – мешіт пен қоғам арасындағы рухани байланысты нығайтып, жастарға үлгі болатын мәнді іс-шара ретінде есте қалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы