Center Image
IHSAN.KZ
Долинка мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу бойынша дәріс өтті.
Долинка мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу бойынша дәріс өтті.
Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентіндегі мешітте мәйітті жуындыру және кебіндеу (жаназа рәсіміне дайындау) бойынша тағылымды дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті мешіт имамы Марданов Исмаил жүргізді.

Іс-шара барысында ислам шариғаты бойынша мәйітті жуындырудың тәртібі, кебіндеудің шарттары, әдептері мен жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жаназа рәсіміндегі діни талаптар, тазалық мәселелері және қоғам алдындағы аманат ұғымы кеңінен сөз болды.

Дәріске мешіт жамағаты мен шәкірттер қатысып, көкейдегі сұрақтарын қойып, тәжірибелік маңызы жоғары мәліметтер алды. Бұл шара діни сауаттылықты арттыруға, қоғамда жаназа мәдениетін дұрыс қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz