Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде қайырымдылық ауызашар ұйымдастырылып, 100 студентке арнайы дастархан жайылды. Рухани айдың берекесін бөлісуді мақсат еткен игі шара жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпшіліктің алғысына бөленді.
Ауызашар барысында мешіт имамдары Рамазан айының қадір-қасиеті, сабыр мен шүкірліктің маңызы, ауызбіршілік пен мейірімділік жайында тағылымды насихат айтты. Студенттерге білім жолындағы ізденістеріне табыс тілеп, үлкендердің батасы берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы