Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда 50 отбасыға азық-түлік үлестірілді
Теміртауда 50 отбасыға азық-түлік үлестірілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен, мүфтияттың құрылғанына 36 жыл толуына орай республика көлемінде 35 000 отбасыға азық-түлік тарату жоспарланған игі шара жүзеге асуда.

Осы қайырымдылық аясында Қарағанды облысы, Теміртау қаласының имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен 50 отбасыға 50 дана азық-түлік қоржыны таратылды.

Азық-түлік себеттері әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға жеткізіліп, қуаныш сыйлады. Бұл бастама – ел бірлігін нығайтып, мейірім мен жанашырлықты арттыруға бағытталған сауапты іс.

Алла Тағала жасалған қайырымдылықтарды қабыл етіп, берекесін нәсіп етсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz