Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелері үлестірілді
Теміртауда 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелері үлестірілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен және муфтиятымыздың құрылғанына 36 жыл толуына орай республика көлемінде 35 000 отбасыға азық-түлік тарату жоспарланған.

Осы игі шара аясында Теміртау  орталық «Әлихан Бөкейхан» мешіті ұжымы 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелерін үлестірді. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көрсетілген бұл көмек – мұқтаж жандарға қолдау білдірудің нақты көрінісі.

Мешіт ұжымы мұндай қайырымдылық іс-шараларды дәстүрге айналдырып, жергілікті қауымға рухани және әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыруда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz