Center Image
IHSAN.KZ
«БІР АЙДА БІР КІТАП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДӘРІС ӨТТІ
«БІР АЙДА БІР КІТАП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Оразалы Ноянұлы мешіт жамағатына «Бір айда бір кітап» жобасы аясында «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабы бойынша дәріс өткізді.

Дәріс барысында имам қатысушыларға күнделікті өмірде әдептілік пен адамгершілікті сақтау, діни құндылықтарды дұрыс ұстану және қарым-қатынаста имандылық қағидаларын қолдану жолдарын түсіндірді. 

Қатысушылар белсенді қатысып, тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды. Шараның мақсаты – мешіт жамағатының рухани тәрбиесін арттыру және исламдағы әдептіліктің маңыздылығын насихаттау болып табылады.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz