Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ«РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ«РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы өтті.

Іс-шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы әлеуметтік көмек алушыларға жылы лебізін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. 

Сонымен қатар, шараның мәні мен мақсатын түсіндіріп, жиырма отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Бұл игі жоба қоғамдағы қайырымдылықты насихаттау, мұқтаждарға қолдау көрсету және қасиетті Рамазан айының шарапатын сезіндіру мақсатында ұйымдастырылды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz