Абай аудандық мешітінің ұстазы Көкебайқызы Нуризаттың ұйымдастыруымен әйел қыздар жамағатына «Ілім алудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтылды.
Насихат барысында ұстаз білімнің маңыздылығы, оның адам өміріндегі орны және рухани дамуға қосатын үлесі туралы түсініктеме берді. Қатысушылар білім алу жолындағы адалдық пен еңбекқорлықтың қажеттілігін, діни және дүниелік ілімге жетудің артықшылықтарын тыңдап, сұрақтарын қойып, өз ойларын білдірді.
Шараның мақсаты – әйел жамағатының рухани деңгейін көтеру, діни сауаттылығын арттыру және білімге деген қызығушылығын ояту болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы