Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙДА ӘЙЕЛ - ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА ДІНИ ДӘРІСТЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
АБАЙДА ӘЙЕЛ - ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА ДІНИ ДӘРІСТЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Абай аудандық мешітінің ұстазы Көкебайқызы Нуризаттың ұйымдастыруымен әйел - қыздар жамағатына Құран және Тәджуид сабақтарымен қатар Ақида мен Фиқһ пәндері бойынша дәрістер тұрақты жүргізілуде.

Дәріс барысында қатысушылар діни білімдерін жетілдіріп, Құран аяттарын дұрыс оқу, діни түсініктерді меңгеру және күнделікті өмірде діни ұстанымдарды қолдану бойынша тәжірибе жинақтауда.

Сонымен қатар Ақида сабақтары арқылы сенім негіздері мен діни ұғымдар, ал Фиқһ сабақтары арқылы күнделікті өмірдегі діни міндеттер мен ғұрыптарды орындау жолдары түсіндіріледі.

Шараның мақсаты – әйел жамағатына терең діни білім беру, Құран және хадистердің маңыздылығын насихаттау, сондай-ақ олардың рухани дамуына үлес қосу болып табылады. 




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz