Шахтинск қалалық Нұр мешіті «Бір күнде бір хатым» жобасы аясында хатым дұғасын ұйымдастырды. Рухани шараға мешіт имамдары, ақсақалдар алқасы және жамағат белсене қатысты.
Жоба аясында Құран толық хатым етіліп, елдің амандығы, халықтың бірлігі мен тыныштығы, жамағаттың ынтымағы үшін дұға жасалды. Сонымен қатар хатым дұғасы дін жолында қызмет еткен марқұм имамдар мен ұстаздардың рухына бағышталды.
Аталған жобаның басты мақсаты – Құранға деген құрметті арттыру, жамағатты бір ортаға топтастыру және рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы