Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы мен жамағаты тарихи-танымдық мақсатта Карлаг музейіне зиярат жасады. Бұл сапардың басты мақсаты – Түркия мемлекетінен келген қонақ, Ибраһим қариға қазақ жерінің тарихын, соның ішінде Шахтинск өңірінің өткені мен тағылымды мұрасын таныстыру болды.
Зиярат барысында жамағат музейде сақталған тарихи жәдігерлермен танысып, саяси қуғын-сүргін жылдарындағы ел басынан өткен ауыр кезеңдер жайлы мағлұмат алды. Экскурсия барысында қазақ даласындағы рухани, мәдени және тарихи сабақтастықтың маңызы ерекше атап өтілді.
Бұл игі шараның негізгі мақсаты – бауырлас халықтар арасындағы рухани байланысты нығайту, тарихи сананы жаңғырту, өткеннен тағылым алып, келер ұрпаққа өнеге болатын құндылықтарды насихаттау болды. Осындай тағылымды кездесулер жамағаттың рухани дүниетанымын кеңейтіп, тарихқа деген құрметін арттыра түсетіні сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы