Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҚАҒИДАТТАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫДА «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҚАҒИДАТТАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  «Әнет баба» мешітінде өткен «Қайырымдылық жұмыстарды үйлестірудің заманауи қағидаттары» атты семинарға қатысты.

Жиынға  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы бастаған қайырымдылыққа жауапты имамдар, есепшілер, еріктілер, сондай-ақ қайырымдылық саласының мамандары қатысты.

Семинар барысында қор директоры қайырымдылық көмекті тиімді үйлестіру, ашықтық пен есептілікті арттыру, мұқтаж жандарға қолдауды жүйелі түрде жеткізу мәселелерін түсіндірді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында «ZEKET HUB» жобасын таныстырып, қазіргі таңда қолға алынып жатқан бірқатар шаралар туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының өзге де жобалары туралы түсіндіріп, жергілікті имамдарға аталмыш жобаларды қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде жүзеге асыру жолдарын баяндады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша басасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz