Қарағанды қалалық Әл Машани мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Дін мен дәстүр» бағыты және Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Көршіңе қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шараның басты мақсаты – көршілік қарым-қатынасты нығайту, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ Рамазан айының берекесін көпшілікпен бөлісу болды.
Акция барысында мешітке көршілес орналасқан сауда үйлері мен бизнес орталықтарының қызметкерлеріне және келушілеріне арнайы дайындалған ауызашар қоржындары таратылды. Қоржын ішіне күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктер салынып, жандарға жылы лебіз бен ізгі тілектер жеткізілді.
Шараға мешіт қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысып, көршілерге құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Қуанышқа бөленген қала тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың жалғасын табуына тілектестік танытты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы