Center Image
IHSAN.KZ
«Сауапқа толы Рамазан» атты ауызашар кеші өтті
«Сауапқа толы Рамазан» атты ауызашар кеші өтті

Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінің  имамы Сайлау Жұмағұлұлының бастамасымен әйелдер жамағатына арналған «Сауапқа толы Рамазан» атты рухани ауызашар кеші ұйымдастырылды.

Кеш Сайлау Жұмағұлұлының Хатым дұғасымен басталып, уағызымен жалғасты. Жамағатпен бірге Алланы ұлықтау мақсатында зікір оқылып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат жолданды.

Мешіт ұстаздары рамазан айында жасалатын сауапты амалдар мен ізгі істер жайында насихат айтып, қатысушыларға рухани бағыт берді. Сонымен қатар, Құранға түскен шәкірттерге Тәж кигізу рәсімі өткізілді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кеш барысында Жарапазан дәстүрі де көрсетілді. Шәкірттер Рамазан айының қадірі мен мәнін білдіретін өлеңдерін оқып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кеш барысында 200 адамға ауызашар дастарханы жайылып, қонақтар қажы апалардың батасынан рухани ләззат алды.

Бұл іс-шара қатысушыларға Рамазан айының рухани маңызын сезінуге және сауапты амалдар жасауға мүмкіндік берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz