Center Image
IHSAN.KZ
«Ар - Рахман» мешітінде «Рамазан сыйы» үлестірілді
«Ар - Рахман» мешітінде «Рамазан сыйы» үлестірілді
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» бағыты аясында қасиетті Рамазан айының берекесіне орай қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шара мешіт имамының ұйымдастыруымен және жергілікті жамағаттың демеушілігімен жүзеге асырылды. Іс-шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға азық-түлік себеттері мен тұрмыстық қажеттіліктер түрінде көмек көрсетілді.
Бастаманың негізгі мақсаты – Рамазан айында қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты нығайту, мұқтаж жандарға қолдау білдіру және қайырымдылық мәдениетін дамыту болып табылады.
Бұл игі шара мешіттің әлеуметтік-рухани бағыттағы жүйелі қызметінің бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып, жамағаттың ауызбіршілігі мен жауапкершілік сезімін арттыруға үлес қосты.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz