Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау қаласында ауызашар дастарқандарында қарапайымдылық пен қанағатшылдық насихатталуда
Теміртау қаласында ауызашар дастарқандарында қарапайымдылық пен қанағатшылдық насихатталуда

Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде  ауызашар дастарқандарында ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылық пен қанағатшылдықты насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Рамазан айы — нәпсіні тәрбиелеп, сабыр мен шүкіршілікке үйрететін қасиетті ай. Осы орайда жамағатқа дастарқандарды сән-салтанатқа емес, сауап пен ықыласқа негіздеп ұйымдастыру керектігі айтылды. Артық шығын мен бәсекелестікке жол бермей, қарапайым әрі берекелі дастарқан жаю – шынайы тақуалықтың белгісі ретінде көрсетілді.

Мақсат – қоғамда қанағатшылдық мәдениетін қалыптастырып, мұқтаж жандарға көбірек қол ұшын созуға үндеу жасап, Рамазанның рухани мәнін терең сезіндіру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz