Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «Намаз оқып үйрену» курсы өтуде
«Нұр» мешітінде  «Намаз оқып үйрену» курсы өтуде
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағатқа арналған «Намаз оқып үйрену» курсы тұрақты түрде өтіп жатыр. Курстың негізгі мақсаты – намаздың дұрыс орындалу тәртібін үйрету, құлшылық барысында жіберілетін қателіктерді түзету және жамағаттың діни сауаттылығын арттыру.

Сабақтар барысында намаздың парыздары, уәжіптері, сүннеттері, дұғалары мен сүрелері практикалық түрде түсіндіріліп, әр қатысушыға жеке бағыт-бағдар беріледі. Курс мешіт жамағатына тұрақты түрде ұйымдастырылып, барлық ниет білдіруші азаматтарға ашық.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz