Center Image
IHSAN.KZ
«Рамазан – береке мен сауап айы» атты рухани кеш өтті
«Рамазан – береке мен сауап айы» атты рухани кеш өтті

Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «Рамазан – береке мен сауап айы» атты рухани іс-шара өтті.

Іс-шара барысында әйел жамағаты ауыз бекіткен жандарға ауызашар дастарханын жайды. Кеш Әлия Рахманқызының құттықтау сөзімен басталып, оразаның маңызы мен қасиеті жайлы тағылымды мәліметтер айтылды. Сонымен қатар сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.

Мешіт шәкірті Саматова Фатима «Рамазан» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ Құранға жаңадан түскен шәкірттерге тәж кигізу рәсімі өтіп, мешіт шәкірттері «Құранға деген махаббат» тақырыбында көрініс қойды.

Іс-шара соңында Құран хатым дұғасы оқылып, сауабы дүниеден өткен мүмин-мұсылмандардың рухына бағышталды. Рухани кеш жамағатқа көтеріңкі көңіл күй сыйлап, береке мен бірлікті арттырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz