Center Image
IHSAN.KZ
«Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында жастармен кездесу өтті
«Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлының бастамасымен «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында жастармен тағылымды жиын ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қасиетті Рамазан айының мұсылман өміріндегі маңызы, рухани тазарудың мәні және адалдықтың қоғамдағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Имам жастарды сабырлы болуға, уақытты тиімді пайдалануға, ата-анаға құрмет көрсетіп, білім мен ізгілікке ұмтылуға шақырды. Сондай-ақ оразаның адамның мінез-құлқын тәрбиелейтін, жауапкершілікті арттыратын рухани мектеп екені айтылды.

Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың имандылығын арттырып, қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған игі шара болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz