Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ АЛҒАШҚЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ АЛҒАШҚЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде биылғы Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

Алла үйіне жиналған дүйім жұртты ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы қасиетті айдың келуімен құттықтап, Алла Тағаладан елдің амандығы мен берекесін тіледі. 

Айлардың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталып, мүбәрак мерзімді ізгі амалдармен көркемдеуге шақырды.

Сондай-ақ, Бас имам қасиетті Рамазан айы бойы облыстық «Әнет баба» мешітінде Құран Кәрімді хатым етіп, тарауих намаздарында имамдыққа шығатын қариды таныстырып өтті.

Биыл тарауық намазын Египет Араб республикасында «Асым» қырағаты бойынша «Ижаза» алған, VIII республикалық Құран жарысының бас жүлдегері Сатешов Сақи Мұхтарұлы бір ай бойы тарауық намазын өткізбек.

Айта кетейік, облысқа қарасты барлық мешіттерде бүгіннен бастап тарауық намазы жалғасады. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz