Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлы мешіт жастарына «Рамазан – рухани тазару айы» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам қасиетті Рамазан айының артықшылықтарына тоқталып, оразаның адам бойындағы сабыр, тақуалық және жауапкершілік сезімдерін күшейтетінін атап өтті. Сондай-ақ жастарды бос уақыттарын тиімді өткізіп, құлшылыққа ден қойып, пайдалы білім алуға шақырды.
Жиын соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани әсер алып тарқасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы