Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Қасиетті айда жасалған бұл игі шараның басты мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы және көмекке зәру жандарға қолдау көрсету, Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін рухын насихаттау.
Қайырымдылық көмегіне ие болған отбасылар мешіт жамағатына алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы