Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыдағы «Төле би» мешітінде Рамазанға дайындық жұмыстары жүргізілді
Қарағандыдағы «Төле би» мешітінде Рамазанға дайындық жұмыстары жүргізілді

Қарағанды қаласы «Төле би» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай кең көлемді тазалық және дайындық жұмыстары жүргізілді. Игі шараға мешіт қызметкерлері мен еріктілер қатысып, ғибадат үйінің ішкі және сыртқы аумағын ретке келтірді.

Тазалық барысында намаз залы, дәрет алу бөлмелері, аула мен кіреберіс аймақтары мұқият жуылып, кілемдер тазартылды, терезелер сүртілді. Сонымен қатар, жамағаттың жайлы құлшылық етуіне барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz