Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде әйел-қыздар жамағатымен Рамазан айына дайындық сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – қасиетті айдың рухани маңызын түсіндіру, оразаға қатысты шариғи үкімдер мен талаптарды жан-жақты жеткізу болды.
Кездесу барысында мешіт имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы оразаның парыздары, шарттары, бұзатын және бұзбайтын жағдайлары туралы кеңінен түсіндіріп, Рамазан айындағы құлшылықтың мәні мен сауаптың еселенетіні жайында айтты. Сондай-ақ ауыз бекіту әдебі, тарауық намазының маңызы, Құран оқудың сауабы және садақа берудің артықшылықтары жөнінде насихат жүргізілді.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, күнделікті өмірде оразаны дұрыс ұстау жолдары түсіндірілді. Іс-шара рухани мазмұнда өтіп, қатысушыларды Рамазан айын жауапкершілікпен, ықыласпен қарсы алуға үндеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы