Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында тағылымды насихат өтті
«Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында тағылымды насихат өтті
Қарағанды қаласындағы Әл Ғаффар мешітінің имамы Ермахан Оралбай «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды кездесу ұйымдастырды. Жиында мешіт имамы жастармен жүздесіп, қазіргі замандағы жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының мүмкіндіктері мен оны қолданудағы жауапкершілік мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында қасиетті Құран Кәрімдегі:
«يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ»
(Мужадала сүресі, 11-аят) аятын негізге ала отырып, білім иесінің дәрежесі Алланың қалауымен көтерілетіні айтылды. Аятта иман мен білімнің қатар аталуы – мұсылман жастың рухани әрі зияткерлік тұрғыдан дамуы қажет екендігін айқын көрсетеді.

Имам өз сөзінде жасанды интеллектіні:
білім алуда,
ғылыми ізденісте,
тіл үйренуде,
кәсіби дағдыларды жетілдіруде тиімді құрал ретінде қолдануға шақырды.

Насихат барысында «дәрежелер» ұғымы тек ақыреттегі мәртебе емес, дүниедегі абырой, жауапкершілік және қоғам алдындағы сенім екенін атап өтілді. Білім артқан сайын адамның жауапкершілігі де күшейе түседі. Сондықтан әрбір жас уақытын дұрыс жоспарлап, заманауи технологияларды игілікке қызмет ететін құрал ретінде қабылдауы тиіс.

Кездесу соңында жастарға рухани құндылықтарды ұмытпай, білімге ұмтылып, қоғамға пайда әкелетін жобаларға белсенді қатысуға үндеу жасалды. Жасанды интеллект – болашақтың құралы. Ал оны дұрыс бағытта қолдану – саналы, білімді жастың міндеті екені ерекше айтылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz