Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде дәріс алып жүрген шәкірттер Рамазан айына орай қолөнер бұйымдарын жасады
Іс-шараның басты мақсаты – балаларға Рамазан айының мән-мағынасын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар түрлі-түсті қағаздардан жарты ай мен жұлдыз бейнелерін, шамдар мен безендірілген ашықхаттар жасады. Әсіресе Рамазан айының нышаны саналатын ай мен жұлдыз бейнесіндегі композициялар ерекше көзге түсті.
Шара барысында мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы балаларға Рамазан айының қасиеті, оразаның пайдасы және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жайында әңгімелеп берді.
Іс-шара балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, ұлттық және рухани құндылықтарға деген құрметін арттырады. Рамазан айының берекесі мен шапағаты әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы