Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық аясында жамағаттың қатысуымен рухани кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында мұсылман қауым алдағы берекелі айдың қадір-қасиеті жайында ой бөлісіп, рухани тұрғыда дайындық мәселелерін талқылады.
Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы арнайы уағыз-насихат айтып, Рамазан айын құр дайындықпен емес, шынайы ниет, ықылас және ізгі амалдармен қарсы алудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, оразаның адам тәрбиесіндегі орны мен қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырудағы рөлі кеңінен түсіндірілді.
Рухани кеш соңында жамағат қасиетті айды лайықты қарсы алуға ниет білдіріп, дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы