Қарағанды облысы, Теміртау қаласының бас имамы
Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен «Ауызашар берудің әдебі мен тәртібі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында арнайы жиын өтті.
Жиын барысында:
• Ауызашар берудегі шариғи талаптар мен ниеттің дұрыстығы,
• Ысырапқа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау,
• Шынайы сауапқа жетудің жолдары,
• Мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмау,
• Мешіттерде ауызашар ұйымдастыру тәртібі
сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Аталған жиынның мақсаты – Рамазан айында жасалатын игі амалдардың шариғатқа сай, тәрбиелік мәні жоғары әрі берекелі болуына ықпал ету.
Алла Тағала берілген әрбір ауызашарды қабыл етіп, ниеттерімізді көркем етсін
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы