Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ауласы қардан тазартылды.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ауласы қардан тазартылды.
Қыс мезгілінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ауласында қар тазалау жұмыстары жүргізілді. 

Аула аумағы толықтай қардан тазартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен кіреберіс аймақтар ретке келтірілді.
Бұл игі іске мешіт қызметкерлері мен ерікті азаматтар атсалысып, мешіт ауласының тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.

Қоғамдық орындардың таза әрі қауіпсіз болуы – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Осындай бірлікке негізделген ізгі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz