Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде Рамазан айына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қасиетті ай қарсаңында мешіт ішінде тазалық шаралары ұйымдастырылып, ғимарат іші толық ретке келтірілді.
Атап айтқанда, мешіттің аспа шамдары тазартылып, кілемдері шаңнан арылтылды. Сондай-ақ дәретханалар жуылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында санитарлық жұмыстар жүргізілді.
Бұл игі іске мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат белсене атсалысып, Алланың разылығын көздеген сауапты амал жасады.
Рамазан – рухани жаңғыру айы. Сондықтан мешіттің көркі мен тазалығы да жамағаттың құлшылықты жайлы әрі ықыласпен атқаруына мүмкіндік береді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы