Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда Рамазан айына дайындық жиыны өтті
Теміртауда Рамазан айына дайындық жиыны өтті
Қарағанды облысы Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы қала имамдарымен және дін қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді.

Жиында қасиетті Рамазан айына дайындық мәселелері кеңінен талқыланып, алдағы атқарылатын жұмыстар пысықталды. Сонымен қатар «Бас имам сағаты» аясында діни-ағартушылық бағыттағы тапсырмалар беріліп, жамағатпен жұмыс істеудің маңыздылығы айтылды.

Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, қайырымдылық пен бірліктің айы. Осы орайда мешіт ұжымы қасиетті айды жоғары деңгейде өткізуге дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Алла Тағала алдағы Рамазан айын баршамызға берекелі әрі қабыл болуын нәсіп етсін

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz