Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Рамазан айының құрметіне әрленді
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Рамазан айының құрметіне әрленді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің әйел-қыздар жамағаты мешіттің ішін әдемілеп, безендіру шарасын өткізді.

Мешіт ұстазы Әйгерім Берікболқызының жетекшілігімен ұйымдастырылған шараға мешіт шәкірттері де белсенді түрде атсалысты. Олар мешіттің тазалығын қамтамасыз етіп, рухани ортаны мерекелік күйге келтірді.

Осындай іс-шаралар мешіт жамағатының ынтымақтастығын арттырып, қасиетті Рамазан айына рухани дайындықты күшейтуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz