Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде өлең жатқа оқу сайысы өтті
«Төлеутай ата» мешітінде өлең жатқа оқу сайысы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболқызының ұйымдастыруымен қалалық мешіттердің шәкірттері арасында өлең шумақтарын жатқа оқудан сайыс өткізілді. Бұл шараның мақсаты – шәкірттердің рухани және мәдени қабілеттерін дамыту, исламдық тәрбие мен әдеби-рухани дәстүрлерді дәріптеу болды.

Сайысқа қатысушылар өздерінің әдеби талғамын, өлеңге деген сүйіспеншілігін және жатқа оқу шеберлігін көрсетті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың дауысы, мәнерлілігі мен есте сақтау қабілеттерін мұқият бағалап, ең үздік шәкірттерді анықтады.

Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды:

І орын – Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің шәкірті Марбек Дильназ;

  • ІІ орын – Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің шәкірті Толегенова Зейнеп;
  • ІІІ орын – Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің шәкірті Саматова Кәусар.

Сайыс барысында шәкірттер өздерінің рухани байлығын көрсете отырып, Құран мен поэзия арқылы ізгілік пен мейірімділікке деген құлшынысын арттырды. Осындай шаралар шәкірттердің бойына әдеби талғам мен дінге деген сүйіспеншілікті сіңіруде маңызды рөл атқарады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz