Center Image
IHSAN.KZ
Қазыбек би мешіті Рамазан айына орай безендірілді
Қазыбек би мешіті Рамазан айына орай безендірілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында әрлеу және безендіру жұмыстары жүргізілді.

Мешіт іші мерекелік шарлармен безендіріліп, Рамазан айының шырақтары орнатылды. Рухани атмосфераны күшейтіп, жамағатқа көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында атқарылған бұл игі іске мешіт ұстаздары мен шәкірттері белсене атсалысты.

Құлшылық ордасының көркі айшықталып, берекелі айды лайықты қарсы алуға дайындық жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz