Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен шапағаттың, кешірім мен қайырымдылықтың айы. Қасиетті ай қарсаңында Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «Әсем» балалар үйінде игі шара ұйымдастырылды.
Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің имамы Рашид Орысбайұлы бастаған мешіт ұжымы тәрбиеленушілерге арнайы барып, мерекелік көңіл күй сыйлап, тарту-таралғыларын табыстады. Кездесу барысында балаларға жылы лебіздер айтылып, Рамазан айының мән-маңызы түсіндірілді.
Қазіргі таңда балалар үйінде 40 бала тәрбиеленуде. Мекеме директоры Светлана Викторовна Прокопив қонақтарды жылы қарсы алып, көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін алғысын білдірді.
Игі шара мейірім мен жанашырлықтың айқын көрінісіне айналып, балалардың жүрегіне қуаныш сыйлады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы