Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында рухани кездесу өтті
Саран қалалық мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында рухани кездесу өтті
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұстазы Әбділ Талғат Кенжебайұлы шәкірттер мен  «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында жастармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушылар «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» атты рухани кітапты оқып, мазмұнын бірге талқылады.

Шараның басты мақсаты – жастардың рухани білімін арттыру, көркем мінез бен ислам әдебін насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру. Кітапта мұсылманның күнделікті өміріндегі әдеп нормалары, қарым-қатынас мәдениеті, ата-анаға құрмет, көрші ақысы, қоғамдық ортадағы тәртіп сынды маңызды тақырыптар кеңінен қамтылды

Кездесу барысында жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап алды. Әсіресе, қазіргі қоғамда ислам әдебінің маңыздылығы, әлеуметтік желідегі мәдениет, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәселелері қозғалды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz