Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде қуанышты әрі тағылымды оқиға орын алды. Орыс ұлтының өкілі Щеглов Никита Павлович қасиетті Ислам дінін қабылдап, мұсылман қауымының қатарына қосылды.
Игі шара барысында Саран қалалық мешітінің бас имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы жаңадан дін қабылдаған азаматқа иман шарттарын түсіндіріп, кәлима шәһадатты айтқызды. Осылайша Никита Павлович Алла Тағаланың бірлігіне және Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Оның елшісі екеніне куәлік берді.
Салтанатты сәтте мешіт жамағаты куә болып, жаңа мұсылманға ізгі тілектерін білдірді. Бас имам «Расскажи мне об Исламе» («Маған Ислам туралы айтып бер») атты тақырыпта уағыз-насихат айтып, Ислам дінінің бейбітшілікке, мейірім мен көркем мінезге шақыратын ұлы дін екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы