Қарағанды орталық «Әнет баба» мешітінде «ЖерЗҚЖЖМИ» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы ұжымы үшін рухани-танымдық кездесу өтті. Тағылымды шара филиал директоры Ахметов Саяш Шаухатұлының бастамасымен ұйымдастырылды.
Іс-шараны Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, ұстаз Данияр Ерікұлы жүргізді. Кездесу барысында қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі – діни экстремизм мен радикалды ағымдардың кері ықпалы, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен түсіндірілді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Кездесу ұжым қызметкерлерінің діни сауаттылығын арттырып, рухани танымын кеңейтуге оң ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы