Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінің имамы Осакаровка аудандық мешітінің жамағатымен кездесті
«Қазыбек би» мешітінің имамы Осакаровка аудандық мешітінің жамағатымен кездесті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы «Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Осакаровка аудандық мешітінде жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында «Рамазан – рухани кемелдікке жетелейтін мектеп» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, қасиетті айдың маңызы мен адам тәрбиесіндегі орны кеңінен түсіндірілді. Имам жамағатты Рамазан айын тиімді өткізуге, сабыр мен тақуалыққа ұмтылуға шақырды.

Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақ батамен қорытындыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz