Шарапатты Шағбан айының қарсаңында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы қаладағы №2 мектеп-интернатына арнайы барып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі бастама аясында білім ордасына кілемдер тарту етіліп, оқушылар игілігіне ұсынылды. Сонымен қатар, 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен» кітабы сыйға берілді.
Шара соңында мектеп басшылығы ұйымдастырылған қайырымдылық ісіне ризашылықтарын білдіріп, мешіт имамына арнайы алғыс хат табыстады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы