Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ұйымдастырылған «Рамазанға дейін Құранды жүзінен оқып үйрен» атты рухани марафон мәресіне таяп қалды.
Аталған бастама жамағаттың Құран Кәрімге деген ықыласын арттыруға және қасиетті Рамазан айына рухани дайындықты күшейтуге бағытталды. Марафон барысында қатысушылар Құранды жүзінен оқуды жүйелі түрде меңгеріп, білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ, өзара ынтымақ пен жауапкершілік танытып, рухани орта қалыптастырды.
Игі шара мешіттің рухани-ағартушылық бағыттағы тұрақты қызметінің бір бөлігі ретінде жамағаттың діни сауатын арттыруға оң ықпал етуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы