Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық аясында шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Нуров Махмудқажы Нурұлы имамның ұйымдастыруымен мешіт іші әрленіп, қажет тұстары сыланды. Сонымен қатар, ғибадат залы тазартылып, жарық шамдары мен дыбыс жүйесі ретке келтірілді.
Жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында тазалық жұмыстары жүргізіліп, құлшылық етуге қажетті құрал-жабдықтар жаңартылды. Бұл игі іс Рамазан айын лайықты деңгейде қарсы алып, жамағаттың құлшылығын ыңғайлы әрі рухани әсерлі жағдайда өткізуіне мүмкіндік береді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы