Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда әйел-қыздар арасында рухани сайыс өтті
Теміртауда әйел-қыздар арасында рухани сайыс өтті

Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Муслима Абдраймқызының ұйымдастыруымен екі ай бойы жүргізілген дәрістердің қорытындысы ретінде әйел-қыздар жамағаты арасында рухани-танымдық сайыс өткізілді.

Қатысушылар «Дұға жаттау», «Ата-анаға қатысты әдеп», «Білім әдебі», «Түс көру әдебі», сондай-ақ «Аллаһ Тағалаға қатысты әдеп» тақырыптары бойынша өз білімдерін сынға салды.

Шара барысында қатысушылардың діни сауаттылығы, әдеп мәселелерін түсінуі және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі бағаланды. Сайыс өзара ынтымақ пен рухани серпіліс сыйлап, әйел-қыздардың білімге деген құлшынысын арттырды.

Кеш соңында белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz