«Көзайым» рухани қыздар дамушы клубының бір жылдық мерейтойы атап өттілді.
Аталған клуб бір жыл көлемінде қыз-келіншектер арасында рухани тәрбие мен имандылықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Осы уақыт аралығында ұйымдастырылған дәрістер мен кездесулер қатысушылардың Құранға, діни құндылықтарға және өзін-өзі рухани дамытуға деген қызығушылығын арттырды.
Мерейтойлық іс-шара барысында клуб шәкірттерінің біріне Умра сапары сыйға тартылды. Бұл сый – ықылас пен ниетке берілген рухани марапат ретінде аталып өтті.
Іс-шара барысында Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-тің «Амалдар ниетке байланысты» хадисі негізге алынып, клубтың қызметі осы қағида аясында жүзеге асырылып келе жатқаны айтылды.
Алдағы уақытта да «Көзайым» рухани қыздар дамушы клубы рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы