Center Image
IHSAN.KZ
«Ауылдың берекесі — ақ жаулықты аналар»
«Ауылдың берекесі — ақ жаулықты аналар»

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде «Ауылдың берекесі - ақ жаулықты аналар» атты арнайы рухани кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ауылдың бірлігі мен тыныштығын сақтауда аналардың қоғамдағы орны, отбасындағы тәрбиелік рөлі, ұрпаққа берер өнегесі жайлы тағылымды ойлар айтылды. Ақ жаулықты аналардың ақ батасы мен жылы лебізі жиналған жамағатқа ерекше рухани серпіліс сыйлады.

Шарада «Берекелі ауыл -  тәрбиелі анадан басталады» деген тағылымды тұжырым кеңінен дәріптеліп, аналардың қоғамдағы мәртебесін арттырудың маңызы атап өтілді.

Ұйымдастырушылар мұндай игі әрі тәрбиелік мәні зор кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz