Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен Vogue мейрамханасында әйел-қыздар жамағаты арасында 29–30-паралар және жарты пара бойынша Құран жарысы өтті.
Рухани мәні зор бұл игі шара марқұм Өмішқанқызы Қадиша анамыздың рухына Құран сауабын бағыштау мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру, әйел жамағатының діни білімін шыңдау және жүректерді Алланың сөзімен байланыстыру.
Жарыс барысында Республикалық Құран жарыстарында әділқазылық етіп жүрген Алматы қаласы, Қайрат мешітінің қари ұстазы Қуатова Арайлым Өмірбекқызы басты әділқазылық етіп, қатысушылардың тәжуид ережелерін сақтау, оқу мәнері мен көркем дауыс талаптары бойынша бағалаудан өткізді.
Құран аяттары оқылған сәтте залды ерекше тыныштық пен рухани әсер баурады.
29–30 пара бойынша жеңімпаздар:
1-орын – Кеңес Жансая (қасиетті Умра сапары)
2-орын – Мамай Ұлдай (400 000 теңге) 3-орын – Жабагина Ботагөз (200 000 теңге, Балқаш қаласы)
Жарты пара номинациясы бойынша:
1-орын – Жомартбекова Аружан (200 000 теңге)
2-орын – Дарханқызы Айша (100 000 теңге)
3-орын – Абдулқуддусқызы Асма (50 000 теңге)
Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. Әсіресе бірінші орын иегеріне берілген қасиетті Умра сапары – Құран жолында еңбек еткен жанға көрсетілген үлкен рухани марапат болды.
Шара барысында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы және «Әл-Машани» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы Құранның адам өміріндегі орны жайлы тағылымды насихат айтып, жамағатқа рухани ой салды.
Ұйымдастырушылар мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Бұл бастама қоғамдағы әйелдердің рухани тәрбиесіне серпін беріп, өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы