Center Image
IHSAN.KZ
Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде Рамазанға дайындық насихатталды
Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде Рамазанға дайындық насихатталды

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Рамазанға дайындық» тақырыбында насихат айтылды.

Насихат барысында қасиетті Рамазан айының мән-маңызы, оған рухани және амалдық тұрғыда дайындалудың жолдары, оразаның адам өміріндегі тәрбиелік орны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жамағатқа ауыз бекітудің шарттары, ниет ету, ізгі амалдарды арттыру, сабыр мен кешірімділік секілді құндылықтар жөнінде кеңестер берілді.

Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы Рамазан айын берекелі әрі сауабы мол өткізуге қатысты ұсыныстар айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz