Қарағанды облысы, Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде қайырымдылыққа негізделген игі іс-шара ұйымдастырылды. Қалалық мешіттің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының бастамасымен «Еңбек адамдарына құрмет көрсету» акциясы өткізілді.
Аталған шара аясында күнделікті қала тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген көше тазалаушы аға-әпкелерімізге ыстық тағам таратылып, оларға алғыс пен құрмет көрсетілді. Қоғамға пайдасы зор, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін қарапайым еңбек иелеріне осылайша ізет білдіру – адамгершіліктің айқын көрінісі.
Шара барысында мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері еңбек адамдарының маңдай термен атқарып жүрген жұмысының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Мұндай игі бастамалар қоғамда мейірімділік, сыйластық және өзара құрмет құндылықтарын арттыра түсетіні сөзсіз.
«Нұр» мешіті алдағы уақытта да әлеуметтік бағыттағы қайырымдылық шараларды тұрақты түрде жалғастырып, мұқтаж жандарға, еңбек адамдарына қолдау көрсетуді дәстүрге айналдыруды мақсат етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы