Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ОСАКАРОВКА АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ОСАКАРОВКА АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы облысқа   қарасты Осакаровка аудандық мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
«Қайырлы амал- мұсылманның ең үлкен қазынасы» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Имандылық адам баласын тек қана игілікке жетелейді. Егер иман – тамыры терең ағаш болса, ізгі амал оның саялы жапырағы мен тәтті жемісі іспетті. Байқасаңыздар, қасиетті Құранда Алла Тағала қай жерде «Иман келтіргендер...» деп тіл қатса, артынша дереу «...және ізгі амал жасағандар» деп, бұл екеуін егіздің сыңарындай қатар атаған. Бұл бізге нені аңғартады? Бұл мұсылманның дәрежесі тек жақсылығымен, қоғамға тигізген пайдасымен өлшенетінін білдіреді»,-деді. ⠀
Облыс бас имамы жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz